«Қозықұйрық Патша» котлет

Тез және дәмді: «Биобалттан» саңырауқұлақ котлеті

Қозықұйрықтар әлдеқашан бүкіл әлемдегі көптеген адамдардың рационына кірді. Бұл саңырауқұлақтардың құрамында ағзаға пайдалы әсер ететін дәрумендер мен құнды минералдар бар. Қозықұйрықтар оңай етті алмастыра алады, фосфордың мөлшері бойынша балықтан кем емес, ал құрамындағы В тобының дәрумендерінің мөлшері жаңа піскен көкөністердегіден де көп. Сонымен қатар, оларды дайындау оп-оңай.

Біздің сайтта біз сіздермен саңырауқұлақ дәмтатымдарының рецептерімен бөлісіп, қозықұйрықтар мен цитрус тектестерден сергітетін салат қоспасын қалай дайындауға болатының айттық. Алайда, бүгін біз уақытыңызды үнемдеуге көмектесіп, сіздің орнынызға барлығын өзіміз жасаймыз! «Биобалт» компаниясының жаңалығы — картоп пен сәбіз қосылған «Корольдік» қозықұйрық котлеті сіздің күнделікті мәзіріңізді әртараптандырып, оны теңгерімді, қоректік және өте дәмді ете алады. Біздің жартылай фабрикатымыз — өз құрамында саңырауқұлақтар мен көкөністердің барлық пайдалы қасиеттерін сақтаған өнім.

Құрамы

Картоп пен сәбіз қосылған «Корольдік» қозықұйрық котлеті — біздің компаниямыздан жаңалық. Котлеттер құрамындағы саңырауқұлақтар жылыжайларда органикалық тыңайтқыштардың пайдалануымен өсіріледі, соның арқасында құрамында орман саңырауқұлақтарындағыдай пайдалы микроэлементтер бар.

Саңырауқұлақ котлеті етді оңай алмастыра алады, себебі қозықұйрықтың биологиялық құндылығының негізі — оңай сіңетін ақуыз және В тобының сирек кездесетін дәрумендері болып табылады.

Көкөністер қосылған саңырауқұлақ котлетінің құрамы оңтайлы үйлестірілген, бұл ақуыздарды, майларды, көмірсулар мен басқа макро- және микронутриенттерді тұтынудың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, айтарлықтай маңыздысы, бұл жартылай фабрикаттардың құрамы табиғи, ішінде қосындылар мен дәмді күшейткіштер жоқ.

Етке балама

Калининградтық «Биобалт» компаниясының саңырауқұлақ котлеті ет котлетіне оңай балама бола алады. Оның құрамындағы негізгі ингредиент — агроферманың жылыжайларында өсірілген қозықұйрықтар. Саңырауқұлақтар химиялық құрамы бойынша жануарлардан алынатын өнімдерге ұқсас, сондықтан оларды «орман еті» деп атайды, саңырауқұлақтардың құрамында барлық дерлік маңызды аминқышқылдары, дәрумендер (B, C және D), антиоксиданттар, жасұнық пен минералдар бар. Сонымен қатар, қозықұйрық құрамына ет құрамындағы холестерин кірмейді.

Қайдан сатып алуға болады

«Корольдік» қозықұйрық котлетін сатып алу қиын емес. Жаңалық Калининград және облыс супермаркеттерінде, мұздатылған өнімдері бар дүкендерде және басқа да сауда нүктелерінде қолжетімді. Сонымен қатар, «Балтия Молл» СОО-дағы «Қозықұйрық Патша» дәмханамызда саңырауқұлақ котлетін жеп көруіңізге болады! Қозықұйрық котлеті — тез, пайдалы, әрі дәмді. Тамақ дайындауға уақыт жұмсамаңыз — аймақтық қозықұйрық өндірушісі «Биобалт» компаниясының жаңалығымен танысыңыз.

This post is also available in: орыс Ағылшын белорус армян